Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде "Алтын белгі" алған түлек өмір бойына сотталуы мүмкін

Ақтөбеде "Алтын белгі" алған түлек өмір бойына сотталуы мүмкін
ашық дереккөз
Футболдан шыққан екі жігіт төбелесіп, мектеп бітірген оқушы 17 жастағы баланы мойнынан пышақтап тастаған
 Ақтөбеде мектеп түлегін өлтірді деген күдікке ілінген "Алтын белгі" иегері сотталып жатыр. Полицейдің ұлы пышақ жарақатынан кйін көз жұмған еді.
31 тамыз күні осы іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сотта Бекназ К-ге алқабилер сотын қолдану ұсынылды. Алайда ол бас тартты. Сотталушының адвокаты сотқа куәгерлерді – екі қыз бен сыныптастарын шақыруды, төбелес кезінде Бекназ да жарақат алғандықтан қылмыстық іске амбулаториялық картаны тіркеуді, сотталушының сынып жетекшісі мен оқу ісі меңгерушісінің оған берген мінездемесін  қосуды, қоңырау деректерін алуды, әлеуметтік желілердегі хат-хабарларды тіркеуді сұрады, деп жазды "Ақтөбе таймс". Сотта өлген оқушының әкесі Ақтөбе полициясында жұмыс істейтіні айтылды. Басты сот талқылауын 3 қыркүйекте өткізу жоспарланған. №19 мектептің түлегі Азат Дүсіпов 17 маусымда "Ақтөбе" — "Ордабасы" ойынынан кейін бірнеше сағаттан соң қаза болды. Азаттың достарының айтуынша, күдікті мен марқұм сол күні Орталық стадионға барған, бірақ бір-бірімен таныс болмаған. Жанжал  Тургенев көшесіндегі жатақхана ғимаратының артында түнгі сағат он екінің кезінде шыққан. 17 жастағы жігіт тамағынан пышақ жарақатын алып, облыстық балалар клиникалық ауруханасында көз жұмды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар