Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маса шаққаннан кейін қайтыс болды делінген келіншектің күйеуі жаңа деректер айтты

Маса шаққаннан кейін қайтыс болды делінген келіншектің күйеуі жаңа деректер айтты
ашық дереккөз
Туыстары: Мақпалдың ағзасы көптеген дәрілерге аллергия беретін. Дәрігерлер оған болмайтын дәріні салып жіберген сияқты.
Астанада маса шаққаннан кейін қайтыс болды деген келіншектің туыстары бұл жағдайға байланысты тың деректер айта бастады. Олардың сөзінше қайтыс болған келіншектің ағзасы көптеген дәрілерге аллергия беретін. " Ол  маса шаққаннан кейін бір күн өткенде беті ісіп кеткендіктен ауруханаға өз аяғымен барды. Ол сап сау әрі тірі болатын. тіпті медициналық сараптама оның барлық ағзасы орнында әрі ешқандай да зақым алмағанын яғни тірі екенін дәлелдеп берді.",- дейді марқұмның күйеуі Роллан Еспенбетов. Ал 28 жастағы келіншектің туыстары Мақпалдың көптеген дәрілерге аллергиясы барын айтты. "Ол үнемі дәрігерге қаралған кезде аллергиясы барын бірден айтатын. Осы жолы ол өзіне салынған дәріге рұқсатын берген немесе қарсы болғаны жайлы дерек жоқ. Рұқсат берген болса қол қойылатын еді. Бізге күдік тудырып отырғаны Мақпалға соңғы рет аллергияға қарсы екпе жасалған",-дейді қыздың туысы. Ал Роллан Еспенбетов болса әйелінің өліміне дәрігерлердің кінәлі екеніне сенімді. Әрі істің ақ қарасын анықтау мақсатында полицияға шағым түсіріп қойған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар