Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талдықорғанда орамал таққан оқушы сабақтан қуылды

Талдықорғанда орамал таққан оқушы сабақтан қуылды
ашық дереккөз
Оқушы Зарина Оспанова: орамал ойыншық емес, қайтсем де шешпеймін
Оқу жылымен бірге орамал мәселесі де басталды. Алматы облысында орамал таққан балалар мектепке кіргізілмеді. Бүгін қаладағы №14 мектеп-гимназияда оқитын Зарина Рахим есімді оқушыны мектеп басшылығы бірыңғай оқу формасына бағынбағандығы үшін сабаққа жібермей қойды деп жазды 31 арна. Бірақ барша сыныптастарының алдында еңсесі түссе де оқушы орамалын шешпек емес Талдықорғанда орамал таққан балалармен осылайша күрес жүріп жатыр. Жеті баланың анасы Гүлфира Оспанова былтырғы оқу жылының соңғы тоқсанынан бері қызын мектепке кіргізе алмай жүргенін айтады. Бірақ бүгін ешқандай талапқа бағынбастан баласын жетектеп, сыныбына апарды. Ал 9 сыныпқа барған қызы Зарина оқуын қатты сағынып қалыпты. Бірден құрал-жабдықтарын шығарып, сабаққа дайындала бастап еді, оны сынып бөлмесінен шығарып жіберді. "Баланы ешкім ойлап жатқан жоқ. Өз бастарын ойлайды бәрі. Заң қабылданған жоқ. Ол тек ғана приказ. Заң қарастырылуда. Егер шешемін десе өзі, шешеді, барады сабаққа. Шешпеймін десе бармайды сабаққа.",- дейді  Зарина рахымның анасы Гүлфира Оспанова. "Мен орамалымды шешпеймін. Бұл ойыншық емес.",- дейді Талдықорғандағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы Зарина Рахым. Ал Талдықорған қаласындағы білім бөліміндегілер болса орамал таққан оқушылар мектепке мүлдем кіргізілмейтінін айтады. Білім және ғылым министрілігінің осыдан екі жыл бұрын шығарған 26-бұйрығын алға тартқан мамандар Талдықорғанда қазір алты бала орамалын шешпей отыр дейді. "26- бұйрық, 2016 жылғы, 14 қаңтарда. Ол жерде нақты былай айтып тұр: «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Оның ішінде хиджаб та кіреді».,- дейді Талдықорған қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Сәулеш Бақтыбаева. Алматы облысында өткен оқу жылының соңғы тоқсанында да орамал таққан 8 оқушы мектепке кіргізілмей, олар алдыңғы тоқсанның нәтижесі бойынша қорытылған болатын. Ал биыл алты оқушының жағдайы қалай болатыны белгісіз. Себебі, олар орамалын шешпесе, мүлдем білімнен қағылмақ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар