Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал сазгер анасын әзілдеп жылатып алғаны үшін халыққа ұнамай қалды (видео)

Танымал сазгер анасын әзілдеп жылатып алғаны  үшін халыққа ұнамай қалды (видео)
ашық дереккөз
Тыңдарман: Қанша жұлдыз болсаңыз да анаңызды алдап жылатпай бір құшақтап, еркелетіп қойғаныңыз дұрыс еді
Танымал әнші әрі сазгер Ұлықпан Жолдасов тыңдармандарына мына видеодан кейін ұнамай қалды. Онда әнші шешесіне Астанадағы суық туралы асыра айтып, ол кісіні жылатып алады. Арасында өзі күліп алған сазгер анасына "шай ішпедік па?" деп әзілдеп қояды. Өз сөзінде "Жаурайтын болдың-ау" деген ана көзін етегімен сүртіп алады. Бірақ сазгер бұл жайттың барлығын әзіл әңгімеге айналдырып отырады. Видео өте әсерлі. Немерелі болған Жолдасов өз анасының алдында әлі де бала екенін, еркелігі басылмаған, әзілі жарасқан отбасы екенін көрсеткісі келген сияқты. Бірақ желі қолданушылары сазгерді осы қылығына орай сынның астына алған. "Өзім қасымда анам болса жылатып ойнап емес, басыма көтеріп, құшақтап сүйіп, күлдіруге тырысатын едім. Жасыңыз болса елуден асты. анаңызды құшақтап, еміреніп отыратын адамсыз ғой." "Неге сонша анаңызға суықсыз? кластасыңызбен сөйлесіп отырған сияқтысыз. Қанша жұлдыз болсаңыз да осы бір ауызында тісі қалмаған ананың арқасында осылай жүргеніңізді түсінсеңіз қайтеді?" деген сынды пікірлер көптеп жазылды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар