Басты жаңалықтар
52 адам жанған автобустың жолға шығар алдында екі жыл бойы бұзылып тұрғаны анықталды
- автор kyn.kz
- 5 қыркүйек, 2018
- 317
Дұрыс жөнделіп бітпеген автобустың сапарға оның ішінде алыс шақырымға шығуға рұқсаты болмаған.
Ақтөбе облысындағы 52 өзбектің өліміне қатысты жаңа мәліметер шықты. Ақауы бара втобустың жолға шығуға рұқсаты да болмаған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Тексерушілер автобустың халықаралық рейс түгілі, ауыл арасында жүруге жарамсыз болғанын айтады. Автобустың рұқсатсыз алыс сапарға шыққаны үшін автопарк басшысы мен механик жауапқа тартылады.
Автобус жүргізушісі Мақсат Пернебеков екі ауылдасын көмекші ретінде қасына алған. Екі көмекшінің куәлігі де болай шықты. Сонымен қатар қыста құюы тиіс жанармайды пайдаланбай, арзан отынға жүгінген. Аязда арзан отын қатып қалған.
Жәбірленушілердің жақындары сотталушыдан моральдық және материалдық өтемақы талап етуде.