Басты жаңалықтар
Ақмола облысында 15 мың тұрғыны бар елді-мекенде небәрі 2 дәрігер жұмыс істейді
- автор kyn.kz
- 6 қыркүйек, 2018
- 212
Астана іргесінде орналасқан Қабанбай батыр ауылында дәрігерлер жетіспейді. Елді мекендегі емханада небәрі екі ақ халатты бар.
Саян Әміров күні кеше ғана өлім аузынан аман қалған. Аяқ асты инсульт алған жігіт, жедел жәрдемге қанша звондағанымен, тұтқаны сол күйі ешкім көтермеген. Шарасыздан достарына хабарласып, қалаға әрең жетіпті.
"Бұл түн мен үшін соңғы күн болушы еді. Жүрегім аяқ асты сыр берді. Жедел жәрдемге хабарлассаң, олар өмір бойы телефонды көтермейді. Ал дәрігерге барудың қажет жоқ. бәрібір қабылдамайды. Ауруым асқынып бара жатқан соң, қалада тұратын достарымды шақыруға тұра келді"- дейді ауыл тұрғыны.
Елді мекенде шамамен 15 мың мыңға жуық адам тұрады. Осыншама халыққа бір ғана жедел жәрдем қызмет көрсетеді. Ал ауылдың медбикесі көлік жоқтығынан аймақты жаяу аралайды. Мұндай қиындыққа шыдамаған жас мамандар ауылды тастап, қалаға ауысып жатыр екен. "Себебі оларға жағдай мүлдем жасалмаған", дейді ауыл тұрғыны Айгүл Іңкәрбекова.
Тұрғындар базынасын айтып, талай шенділердің есігін қағыпты. Бірақ, жергілікті әкімшілік өзіне шаң жуытпай отыр. Олар кадр жетіспеушілігі тікелей денсаулық сақтау департаменті шешуі тиіс дейді.
Жергілікті жұрттың жанайқайы Денсаулық сақтау министіріне де жетіпті. Елжан Біртановтың бекітіліген стандартқа қатысты пікірі мүлдем басқа. Оның сөзінше, 15 мың тұрғыны бар ауылға 2 дәрігер қызмет көрсетуі миға қонымсыз.
"Бұл стандартқа сай емес! Бүгінгі нормативтік стандардты қарайтын болсақ 1700 адамға 1 дәрігерден келу керек. Қазір бұл мәселе қаралып жатыр. Сондықтан да жергілікті әкімшілік елді мекенді шұғыл түрде терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігерімен қамтамасыз етуге міндетті!"- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Әзірге ауданда кадр мәселесі қашан шешілетіні белгісіз. Халық аудандық емхана бас дәрігерінің берген уәдесі сол күйі қалып қоймаса жарар еді дейді.