Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жүрсін Ерман жақын күндері Швейцарияда Əбілязовпен кездескені жайлы айтты

Жүрсін Ерман жақын күндері Швейцарияда Əбілязовпен кездескені  жайлы айтты
ашық дереккөз
Ақын: Бүкіл Қазақстан іздеп жүрген саясаткер көшеде еркін əрі жалғыз жаяу жүр
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Төрағасы Ерман Жүрсін  өзінің желідегі парақшасында жұбайы Бақытжамалмен Швейцарияда демалып жатқан кездегі суретін салған еді. Суреттің астына айтыскер-ақын Мұхтар Әбілязовты көргенін айтып, таңданысын жасырмады. Айтуынша, елінен миллиардтаған ақша дымқырып кеткен саясаткер, шет елде еркін тайрандап жүр екен. "Кеше кешкісін Бақытжамал екеуміз Швейцарияның шағын бір қаласында серуенге шықтық. Көшеде жан жоқ кенет қарсы алдымыздан Мұқтар Әбілазов шыға келді. - Ей Әбілазовсың ба ? - дедім тоқтап. Ол танымайтын, білмейтін, естімейтін адамдай жүрісін жылдамдатып өте шықты. Оппозиция серкесі болғаныңды ұрайын. Жат жерде жолыққан бір қазақпен амандасуға жарамаған бұл қашақ кімге тұлға болғандай? Осы жүрісінде не мағына бар!? Алаш көсемдерінен садаға кетсін!"- деді ақын.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар