Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өнер қырандарының" актері оқушылардың орамалына қарсы шыққандарды надандар деп атады

"Өнер қырандарының" актері оқушылардың орамалына қарсы шыққандарды надандар деп атады
ашық дереккөз
Актер: Қолдарыңнан келсе орамалға рұқсат алуға ат салысыңдар, болмаса тыныш қана ауыздарыңды жабыңдар
Өнер қырандарының танымал актері Меліс Наурузбеков Білім және Ғылым министрлігі бекіткен заңға, яғни хиджап қатысты тиымға қарсы шықты. Оның айтуынша, қыз балаларға мектепке орамал тағып баруға рұқсат беру керек. "Еххх! Демократия! Адам құқығын шектейтін демократия! Бабасы мұсылман,баласы намаз тұрмақ дұрыс дәрет алуды білмейді. Өліге құран бағыштамақ тұрмақ,тойда дастарханга бата бер десең тост айтып оттап тұратын шалдары тағы бар! Енді міне Халкының саны 67 пайыз мұсылман саналатын елде мұсылман шәлісімен мектепке кіре алмайды! Бұл надандықтың шегі емес пе? Алланың қахары келетін белгі ғой! Құрметті ақыл сымақтар! Бірер жыл бұрын Бір ғана Ақтөбе облысында 150 мектеп қабырғасында екі қабат болды! Баласын туалетке,көшеге ,қоқысқа тастаған он шақты жағдайларды көздерің көрді.Сол қыздардың ішінен орамал таққан бір қыз көрдіңдер ме? Жоқ! Өйткені орамалдағы қызбен ондай жағдай болмайды! Қысқа юбкадағы қызды көндіру оңай ғой арсыздарға! Қолында билігі барларға тиімді нарсе осы болып тұр ғой! Көпшілік жамыра ақ қарасын білмей жатып солардың сөзіне қосылып, жаулық жамылгандарға қарсы шығып жатсыңдар. Сенің де қызыңа көз салады бір күні арсыздар! Сол жағын ойлан. Содан соң бұл намаз оқитын мусылман қыздар тағады. Біреудің дінін сыйлай алмайтын надандықтарыңды көрсетіп қоймаңдар! Қысқасы орамалмен мектепке баруга рұқсат алуларына ат салыс немесе ауызыңды жауып тыныш отыр",- деп жазба қалдырды. Ал желі қолданушыларының ойы екіге бөлініп кетті, бірі Меліс Наурузбековның айтқанына келіссе,  енді бірі  "Мектептің өзінің бекіткен формасы бар, оған бағыну керек" екенін айтып, Білім және Ғылым министрлігінің жағына шықты. https://www.instagram.com/p/BnYky_cHYi9/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар