Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алаяқ: Отандық танымал әнші 7000 адамнан 110 млн теңге алып, ұшты-күйлі жоқ болып кетті (видео)

Алаяқ: Отандық танымал әнші 7000 адамнан 110 млн теңге алып, ұшты-күйлі жоқ болып кетті (видео)
ашық дереккөз
Зейнеткерлер мен мүгедектерге дейін алдап, мыңдаған адамның адал ақшасын қалтасына басқан әншіге шағымданушылар қатары күннен-күнге артуда

Астаналық Айгүл Андабаева атыраулық әнші Амангүл Өтегенова құрған қаржы пирамидасына бақандай 900 мың теңгесін салған. Амангүлдің айтқанына сеніп, соңғы тиынына дейін санап берген келіншектің, ақшасын еселеп қайтарып алатына еш күмәні болмаған. Алайда, көп өтпей тақырға отырғанымды бір-ақ білдім дейді ол.

"Аманкүлді енді адамдарды жібере бастадық. Ол мүлде көшіп кетіп қалды. Мен 900 мың ақша құйып отырмын. Қалай заң жоқ! Екі ай болды міне. Жамбылдағы апамыз қайтыс болып кетті. Топырағы кепсін дейді. Тағы осындай болды!" - дейді шағымданушы Айгүл Андабаева.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, отандық шоу-бизнес өкілі айласын асырып, 7 мыңға жуық адамды алдап кеткен. Қалтасы қағылғандардың ішінде өнер жұлдыздары да бар.

Шыр-пыр болғандардың сөзінше, елді алдаған әнші аузынан "Алласын" тастамаған көрінеді. Сондықтан да оның имандылығына иланып, ақшаны еш ойланбастан құйғандарын айтады.

"40 мың тенге ақша салып отырасыз! Үш күн сайын 12-22 пайыз түсіп отырады. 7000 адамнан 7 миллон жинады. Сол күйі жоқ! Біз бұл ақшаны жетім мен жесірге көмек берейін деп жатыр едік" ,- дейді шағымданушы Гүлден Бақытжанова.

Әбден сан-соққан жұрттың жанайқайына тәртіп сақшыларының да назары ауды. Себебі, ашынған жұрт әншінің сыбайластарын шақырып, оларды жауапқа тарпақ болды. Бірақ, қаржы пирамидасын құруға ықпал еткен оның өкілдері камерадан да, зардап шеккендерден қашып әлек болған.

Қалалық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, әншіге қатысты қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Астана қаласының тергеу басқармасында "Ақжайнақ" қаржы пирамидасына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл дерек ҚК 189 бабымен қаралуда. Тергеу ісінде барлық мән-жәй анықталып жатыр. Сонымен қатар, 15 жәбірленуші келіп арыз жазған. Тергеу амалдары жүріп жатыр" - дейді қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Екі жеп биге шыққысы келіп, ақырында бар ақшасынна айырылғандарың қаржысы қашан қайтарылатыны белгісіз. Ал жапа шегушілер аштық жариялап, істі түбіне дейін жетеміз деп бекініп отыр.

https://youtu.be/3ZFazQxGAu8
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар