Қаза болған командирдің жасы 32-де, күдікті 24 жаста.
Полиция сержанты взвод командиріне табельдік қарудан оқ атты
Батыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдарының қызметкері аудандық ішкі істер бөлімінің ауласында өз басшысына оқ аттты.
Қылмыс бейсенбіде шамамен сағат 16.30-да Ақжайық ауданының Чапаев селосында аудандық ішкі істер бөлімінде болды, деп жазады "Мой город".
"Қызметкер өз бастығын – взвод командирін атып өлтірді. Күдікті ұсталды", — деп хабарлады Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қоңырау сағат 16.32-де түскен, ер адам дәрігерлер жеткенше көз жұмды.
"Ақжайық ауданы екінші батальонының полиция сержанты взвод командиріне табельдік қарудан оқ атты", — деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінен.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.