Басты жаңалықтар
Дегеніңіз орындалсын десеңіз тілектер картасын жасаңыз
- автор kyn.kz
- 9 қыркүйек, 2018
- 289
Әрбір арман орындалады, тек оның құпиясын білсеңіз болғаны! Елімізде қыз-келіншектер арасында "Армандар картасын" жасау трендке айналуда
Дегеніңіз орындалсын десеңіз тілектер картасын жасаңыз! Бұл сіздің ойыңызда жүрген мақсат-мұраттарыңызға жетудің бірден бір жолы. Мәселен, Адель "Армандар картасының" сиқырына сенеді. Тіпті, оны 6- сыныптап бастап жасаған. Бойжеткен ойында жүрген тілектерінің бәрінің іске асқанын айтады. Шетелде тұрғаны, үлгілі отбасы боллуы да дәл осы картаның арқасы екен.
"Тілектер картасы менің білуімше буддалардың храмдарында осыны жасайтын болатын. Қазіргі таңда атақты миллонерлер, адамдар бар. 0638 мақсатқа жету үшін қадамдар жасау керек. Егер сен орында отырсаң, қалай мақсатқа жетесің?- дейді Адель.
Бүгінде "Армандар картасын" кез келген ару жасауға тырысады. Тіпті, ол ғасырдың трендіне айналды десек болады. Себебі, танымал адамдардың басым бөлігі дәл осы картаға сенетіндерін жазған. Мәселен, жас актриса Нұрбигүл Егізова да жаңа әуестігімен жиі бөліседі. Оның айтуынша, арман-тілектер орындалу үшін, тек қана сенім керек!
Ал психолог Серікгүл Салидің пайымынша, "Армандар картасының" қыз-келіншектер арасында кеңінен танымалдылыққа ие болуына психолог -тренерлердің ықпалы зор. Өйткені, қазір екінің бірі тренингтерге барады. Нәтижесінде өзге елдің қаңсығы бізге таңсық болуда. Бірақ, ол көбіне еріншектерге мотивация да болу мүмкін.
"Армандар картасы" біздің елімізге жүйелі түрде бизнес енді. Европадан, сол бизнеспен бірге сол бизнесті тарататын тренерлар келді, тренингтар өтті. Сонымен бірге келді. Бұл 1996 жылдан бастап, белгілі бір адамдардың арасында болса, қазір барлық жерде, қандай бизнесті алыңыз, бизнес-тренингтерді алсаңыз, соның бәрінің ішінде осыны ерекше қолданады. Ал ол барлық адамдарға керек емес екенін біле бермейді, "- дейді психолог.
"Армандар картасына" сену-сенбеу әркімнің өз еркі. Тек, өз-өзіңізіне сенетін, өзгерістен қорықпайтын жандар қандай карта болмасын жетістікке жететіні сөзсіз, дейді психологтар