Басты жаңалықтар
Алматы тұрғыны жанып жатқан пәтерден екі баланы алып шықты
- автор kyn.kz
- 8 қыркүйек, 2018
- 203
Екі ұлдың анасы балаларын үйге үлкен адамның қарауынсыз қалдырып, өзі мектепке кеткен екен. Өрттің неден шыққаны белгісіз
Алматыда "Аксай-4" шағын ауданында көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болды, деп хабарлайды қаланың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
Ведомство мәліметінше, оқиға кешкі уақытта болған.
Подъезде түтін иісін сезген көршісі бірден көмекке ұмтылады. Өртке оранған пәтердің есігі жабық тұрғанымен, кілтпен бекітілмепті. Бейбітгүл Ыдырысова бетін халатының жеңімен жауып, түтін басқан үйге кіреді.
Балалардың үйде екенін білетін ол атын атап шақыра бастайды. Жеті жасар бала бірден дыбыс шығарып, белгі береді. Қасында бір жарым жасар бауыры бар көрінеді. Әйел адам балаларды көтеріп далаға алып шыққан. Кейін өрт сөндіру қызметін шақырыпты. Көп ұзамай өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресе бастайды. Кейінірек анықталғандай, балалардың анасы оларды үйге тастап, мектепке кетіп қалыпты.
.
Келесі мақала