Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әншілер онсыз да аз: Салық төлеуден қашатын отандық шоу-бизнес өкілдері өз жанайқайын жеткізді

Әншілер онсыз да аз: Салық төлеуден қашатын отандық шоу-бизнес өкілдері өз жанайқайын жеткізді
ашық дереккөз
Отандық жұлдыздар салық төлеу мәселесіне өз пікірлерін білдірді. Айтуларынша, әншілерге салық төлеудің ешқандай қажеті жоқ

Әншілердің салық төлеуіне қатысты көтерілген мәселе отандық шоу-бизнес қаймақтарының көңілінен шыға қоймапты. Олар қоғамда қызу талқыға ие болған бұл оқиғаға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Мәселен, Абай Бегей әншілерден салынатын салыққа мүлдем қарсы. https://www.instagram.com/p/BlWZN7tF3C4/?utm_source=ig_web_copy_link

"Осыларға салық төлеттіру керек, әбден құтырып кетті деп жатады. Әншілердің сыртынан айтылатын сындар жетіп артылады. Бірақ мен оларды орынсыз деп есептеймін. Мен білетін өнер иелерінің көбісі біреулерге көмектесіп жатады. Қайырымдылық жасағанын жария қылмайды ғой", - деп Бегей өз наразылығын білдірді.

Ал Роза Әлқожаның айтуынша, қоғамның бар назары әншілерге ауып кеткендіктен, бұл жағдай ел арасында қызу талқыланып кеткен. Оған қоса, әнші шоу-бизнес өкілдерін сынау көпшіліктің әдеті болып қалғанын да жеткізді.

https://www.instagram.com/p/BniMR69lN8g/?utm_source=ig_web_copy_link

Абай Бегей жұлдыздардың салықтан не себепті қашатыны туралы қойылған сұраққа, онсыз да саны аз әншілерге тиіспеуін өтінді.

"Әншілерге салық төлеу жөнінде тиісу орынсыз әрі дұрыс емес деп ойлаймын. Былай қарап отырсаңыз, әншілердің саны онсыз да тым аз. Алдында бір отырып санағанымызда санымыз 30-дан аспайтынын аңғардық. Онсыз аз-ақ әншіге тиіспеуге болады ғой", - деп ақталды әнші.

Алайда, желі қолданушылар отандық жұлдыздардың бұл мәлімдемелеріне мүлде келіспейді. Оқырмандар әншілердің қарапайым халық іспетті салық төлеуі тиіс екенін айтып жазуда.

https://www.instagram.com/p/BnfZqNBleTy/?utm_source=ig_web_copy_link "Осы жұлдыздарымыз ненің құрметіне налог төлеуден қашады. Елдің қошеметіне бөленіп, бәрін тегін алғанға әбден үйреніп алған. Абай Бегей мырза, бұл жерде несіне ақталып тұрсыз?! ", Біз де адамбыз деп, адам болғаннан кейін сіздегі проблема бәрінің басында бар. Онда бәрімізде налог төлемей-ақ қояйық. Қарапайым xалық орта есеппен 1 айда 100 мың теңге алса, сіздердікін айтпай-ақ қояйық." "Осы әншілер тек өздерінің жеке басына келгенде жылап қоя береді. Елдегі мәселелерді осылай шешсеңіздер ғой бір ауыздан." "Ең болмағанда қайырымдылықпен айналыссын!Қашан қарасаң шетелде демалып жүреді,ішіп жеп көргендеріне мәз болып! Тапқандарын ысырап қылып,өңшең еріккендер.Мықты болса жарымжан,мұқтаж адамдарға көмектессін.Киім-кешек,емдеу,керек жарақтарын алып беруге болады" "Заң бәріне бірдей халықтан артық емес олар, халықтың арқасында солай жүр шалқып. Сол себепті төлесін ел қатарлы", - деп жазып жатыр оқырмандар. https://www.instagram.com/p/BneZq8pHSrX/?utm_source=ig_web_copy_link
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар