Әдепсіз, ұят: Елордалық кондуктор жолақысын төлемеген ер азаматпен жаға жыртысты
- автор kyn.kz
- 11 қыркүйек, 2018
- 767
Кондуктор мен жолаушы арасындағы "теке-тірес" желідегі пабликтердің бірінде пайда болған.
Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға қаладағы №51 автобуста орын алған. Жолақысын арнайы карта арқылы төлемеген жолаушы, аталған әрекеті үшін кондуктордан сөз естіп тынады.
Ашулы кондуктордың "Жігіттер қайда? Шық автобустан" деген сөзін анық естуге болады. Ал жолаушы кондуктордың мұндай сөзіне шыдамай оған қарсы шығады. Ол тіпті әйел адаммен жаға жыртысуға дейін баратынын көруге болады.
Желі қолданушылары болса аталған бейнежазбаға қатысты түрлі пікір қалдырған. Олардың бірі "Ақысыз жүретін жолаушыға солай ету керек", "Өте дұрыс, автобустан шықсын" десе, енді бірі "Бір ретке кешіруге болатын еді", "Кондуктарлар әдепсіз, ұят" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
https://www.instagram.com/p/BniSI2VD1QN/?utm_source=ig_web_copy_linkАстана қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




