Алматыда террористік акт ұйымдастырған Руслан Күлекбаев өзіне қол салудың жолын іздеп жүр
- автор kyn.kz
- 11 қыркүйек, 2018
- 185
Күлекбаев Алматы қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен өлім жазасына кесілген. Қазір Ол Қостанай облысындағы УК-161/12 мекемесінде қамауда отыр.
“Сотталушының тәртібі теріс пиғылды, ол бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бірінші күннен бастап, депрессиялық және стрессті басу үшін және жазасын өтеуге бейімделу үшін сотталушыға психологиялық көмек көрсетіліп келеді. Қашуға бейім, күзетшілерге шабуыл жасау, суидцидке бару және кепілге адам алу бойынша профилактикалық есепте тұр. Аффект жағдайында кез келген әрекетке бару мүмкін.
Суицидке қатысты айтар болсақ, ол жазасын өтеп жатқан уақытта екі жағдай тіркелді, дер кезінде қылмыстық-атқару жүйесі оның алдын алды. Өкінішке қарай, ол әлі де суицид жасау мүмкіндігін іздеп жүр. Мекеме басқа да кешенді профилактикалық шараларды қолданып жатыр", - деді комитеттегілер.
ҚАЖК өкілдері, діни тақырыпта жұмыстар істеліп жатқанына қарамастан (жыл басынан бері имаммен және теологпен 20 рет кездескен), ол өзінің радикал ұстанымынан айықпаған.