Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Есірткінің күшінде болған: Ақтөбелік жүргізуші полицейге пышақ алып шабуылдады (видео)

Есірткінің күшінде болған: Ақтөбелік жүргізуші полицейге пышақ алып шабуылдады (видео)
ашық дереккөз
10 қыркүйек күні 44 жастағы ер адам полицейлерге шабуылдамақ болды
Құзырлы орган қызметкерлері көлік жуу бекеті маңында екі көлікке зақым келтірген ”Ланд Крузер- 200” маркалы көлігін байқап қалады. Полцейлерді көрген көлік жүргізушісі оларға пышақ ала жүгірген. Бастапқыда пышақпен қорқытпақ болған ол кейін қашуға ұмтылды. “Жүргізуші пышақ қолданып, күш көрсетті. Оның өзгелерге зиян келтіретінін білген соң полицейлер аспанға оқ атып, оны ұстады”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі. Ұсталған азамат 44 жаста, бұрын сотталған. Ұстау кезінде есірткінің күшінде болған. Бейресми дерекке сүйенсек, ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Қазір оқиғаға қатысты “Билік өкіліне күш көрсету” бабы бойынша тергеу жүруде. Күдікті изоляторға қамалды. https://youtu.be/3JG9iQfyz-M  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар