Басты жаңалықтар
Алматыда жаяу жүргінші өзін қаққан көліктің артқы терезесінен бір-ақ шықты
- автор kyn.kz
- 12 қыркүйек, 2018
- 321
Қатты соққыдан ер адам көліктің ішіне кіріп, артқы терезесінен бір-ақ шықты.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, ер адам өз-өзін біртүрлі ұстаған
Алматыда 12 қыркүйекке қараған түні жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды құқық қорғау органдары .
Қайғылы оқиға Рысқұлов даңғылы бойында Аврора көшесіне жете бергенде болған. Куәгерлердің сөзінше , ер адам жол бойымен келе жатып, көліктерге тас лақтырып жүрген. Кенет жолдың ортасына шығып кеткен, ал ол кезде Рысқұлов даңғылымен BMW көлігі қатты келе жатты. Жүргізуші бар жылдамдығымен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Қаза тапқан ер адам 1980 жылы туған екен.