Жүрегім неге тоқтап қала салмайсың?: Алмас Кішкенбаевтың осы сөзі елді шошытты (фото)
- автор kyn.kz
- 12 қыркүйек, 2018
- 273
Алмас Кішкенбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, өз оқырмандарын әбден шошытты.
"Жүрегім менің неге тоқтап қала салмайсың.." , - деп жазып қойған әнші.
https://www.instagram.com/p/BnmHPZwgszK/?utm_source=ig_web_copy_linkКөпшілік отандық жұлдыздың бұл жазбасын оқи сала оған алаңдап кетті. Желі қолданушылар Кішкенбаевтың айтқанын желіде қызу талқыға салып, оның өмірмен қош айтыспақ ойы бар деп болжады.
Оқырмандар сүйікті әншілерін ақымақтық істемеуге шақырып, оны қателік істеуден барынша арашалап алмақ болған.
"Отбасыңызды, бала-шағаңызды ойламайсыз ба?", "Жаман ойдан аулақ болыңыз. Өмірдің қызығы әлі алда", "Кімнің басында қиындық болмайды. Ақымақтыққа жол бермеңіз, сізді тыңдармандарыңыз жақсы көреді", "Алмас түңілме, тек қуанышты жүзіңді көргіміз келеді", "Құдай сақтасын олай айтудың дым қажеті жоқ. Жаман ойларға бой алдырмаңыз", "Бұл бауырымызға не болған. Алмас көрдің бе қанша адам сені жақсы көреді" , - деп жарыса жазуда оқырмандар.Оқырмандарын әбден алаңдатып қойған әнші қорқынышты жазбасынан кейін өз тыңдармандарынан кешірім сұрап, жазбадағы мәтін жаңа әннің сөздері екенін түсіндірді.
"Ол жән әннің сөзі. Дәл осылай үлкен талқыға түседі деп ойламаппын. Сіздерден үлкен кешірім сұраймын. Барлықтарыңызды құшақтадым!" , - деп ақталған әнші.
https://www.instagram.com/p/BnnL0ZdB2HN/?utm_source=ig_web_copy_link