Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал отандық әншінің ұлы фильм түсіріп жатыр

Танымал отандық әншінің  ұлы фильм түсіріп жатыр
ашық дереккөз
Айгүл Иманбаеваның мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжан  әкесінің жолын қуды. Жақын арада болашақ режиссердің туындысы жарыққа шығады
Айгүлдің айтуынша, Асылжан екі жылдан бері Прагада білім алып, қазірде Отанына оралып, анасының жанында тұрып жатыр. Ер жігіт әрі қарай білімін Қазақстанда шыңдамақшы. Сондай-ақ, жас режиссерге Лондон университетінен магистратураға шақырту түсіпті. Алайда Асылжанның өзі бала кезінен Америкаға баруды армандағандықтан, бәрі болашақтың еншісінде, дейді актриса. “Ұлым үйде, менің қасымда. Екеуіміз де Алматыда жүрміз. Өзінің Еуропаның Прага қаласында білім алғанын білесіздер. Жуырда сол жақтағы екі жылдық оқуын тәмамдап келді. Әкесімен ақылдаса отырып болашаққа құрған жоспарлары бар. Сол себепті қазір Қазақстандағы оқуын шетелге ауыстыру процесі жүріп жатыр. Қалған екі жылын осында тәмамдаса, әрі қарай магистратураны шетелде оқитын болады. Өзінің арманы Америкаға кету болғандықтан, оқуын сол жақта жалғастыруы мүмкін. Жалпы әрі қарай не істейтінін өзі біледі. Біздің ата-ана ретінде басты міндетіміз — қолына дипломын алып беру”, — деді Айгүл Иманбаева. Асылжан бүгінде үлкен жобамен айналысып жүрген көрінеді. Әкесінің жолын қуған жас режиссердің айтуынша, өзінің жаңа да ауқымды жобасы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналмақ. “Әзірге туындыны шартты түрде “Тәуелсіздік жобасы” деп атадым. Бірақ алдағы уақытта атауы ауысуы мүмкін. Ол үш қалада түсірілмек. Яғни Прага мен Алматы қаласындағы түсірілімдер аяқталды. Енді түсірілімді Астана қаласында жалғастыратын боламыз. Оған Еуропадағы және Астана мен Алматы қаласындағы достарым да атсалысып жатыр. Авторлық кино болғандықтан, аралық стильде түсіріліп жатыр. Болашақта өздеріңіз де көре жатарсыздар. Бірақ фестивальге қатысып, кинотеатрларға жарқ етіп шығады деген ой жоқ. Жалпы бұған уақыт керек. Ол толықтай бір-екі жылдың көлемінде дайын болмақ”, — деді ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар