Басты жаңалықтар
Мүлдем көңілімнен шықпайды: Алагөзова КешYou тобын қайта жасақтайтынын айтты
- автор kyn.kz
- 13 қыркүйек, 2018
- 741
Онсыз да құрам өзгерту жағынан рекорд орнатқан КешYou тобы қайта жасақталмақ. Бұл туралы топ продюсері Баян Алагөзова мәлімдеді
Отандық продюссер өзінің КешYou жобасын жақсы көретінін, тіпті қазіргі құрам оған жақсы табыс әкелетінін жасырмады.
“Бізде 5 трек дайын. Оның ішінен екеуін таңдап, жаңа видео түсіреміз. Және де жаңа құрамды таныстыратын шығармын, себебі қазіргі құрам менің көңілімнен шықпайды. Жаңа қыздар бар, қазір олар дайындалып жатыр, бірақ нақты бекіткен жоқпын. Қазіргі қыздардан тек Балжанды қалдырамын. Оны енді жеке әнші ретінде шығарамыз”, – деп мәлімдеді Баян Мақсатқызы.
Сондай-ақ, Алагөзова жақында жарыққа шығатын “Тағдыр бекеті” фильмі жайында да тоқталып өтті.
“Біз бұған дейін үлкен экран үшін мелодрама түсірген жоқпыз. Бәрі ойдан шықты. Бұл фильмге бар жанымды салдым, себебі бұл менің бұрыннан ойымда жүрген жоспарым. Болжам жасағым келмейді, 24 қаңтар күні прокатқа шығамыз”, – деп қысқа қайырды танымал продюсер.
Келесі мақала
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасына өзгерістер енгізілді
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




