Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскеменде жат ағымның жетегінде кеткен қыздың анасы жан сырымен бөлісті

Өскеменде жат ағымның жетегінде кеткен қыздың анасы  жан сырымен бөлісті
ашық дереккөз
Өскеменнің 40 жастағы тұрғыны қызының жат ағымның жетегінде кеткенін айтып, жанайқайын жеткізді

Жат ағымның жетегінде кеткен өскемендік бойжеткеннің анасы қызының сол уақытта мектепті енді бітіргенін айтты.  Ол алдымен  "оқуға түспеймін, жұмыс істеп отбасына көмектесемін" депті.

Ал 40 жастағы анасы сол уақытта жолдасымен ажырасып жатқандықтан, бастапқыда қызының бойынан қандай да бір өзгерісті байқамапты. Алайда бірде қызы "жақсы адамдарға жолыққанын, олар ақшасы көп жұмыс тауып беретінін" айтқан екен. Анасы бұған да келісіпті.

Уақыт өте келе қызы "бір адамды кездестіргенін, сонымен шаңырақ көтерітін" мәлімдеген. Анасының қарсылығына қарамастан, қызы сол бейтаныс адамға тұрмысқа шығып, үстіне "хиджаб" киген. Сосын оның намаз оқу мәнері де өзгеріп, туыстарымен, жақындарымен араласудан қалған.

Дегбірі қашқан тұрғын бірден арнайы теолог-мамандарға жүгініп, қызына кеңес беруді өтініпті. Алғашында, не анасының, не мамандардың сөзіне құлақ аспаған бойжеткен, біршама уақыттан соң, өзінікі қате екенін түсініп "бұрынғы өміріне" қайта оралыпты.

Басылымның мәліметінше, бойжеткен алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсіп, психолог мамандығын алуды көздеп жүр екен.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар