Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш ең үлкен армандарының бірн айтты (видео)

Димаш ең үлкен армандарының бірн айтты (видео)
ашық дереккөз
Әлемнің түпкір -түпкіріне өнерімен танылған Димаш болашақ жоспарында Ресейде ән айту бар екенін айтты
Мүмкіндікті қалт жібермей, көрші елде жұмыс бабымен жүрген Димашты жергілікті БАҚ өкілдері сұрақ астына алды.  “Керемет дауысты өзің жасадың ба, әлде табиғат берген дарын ба?” деп сұхбатты бастады. Соған әнші: “Бұл ең әуелі мұғалімдерімнің арқасы. Менің мықты ұстаздарым болды. Соларға сәлем жолап, рахмет айтам”, – деп жауап қайырды. Ресей тілшісі орыс халқының Димашты жақсы көретінін, концертін тамашалағысы келетінін де айтты.Ал көрші елде концерт өткізу мүмкін бе деген сауалына: “Бұл менің арманым. Егер халық сұрап жатса, Ресейде концерт өткізуді жоспарлауға болады. Соның ішінде Мәскеуді таңдайтын шығармыз”, – деп  жауап берді. Бұған дейін ресейліктер Димашты ыстық ықыласпен қабылдаған еді. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Сочиде өткен халықаралық “Жаңа толқын” байқауынды сілкініс жасады. Танымал жұлдыздардың өзі Димаштың талантын мойындап, өнеріне тамсанды. https://www.instagram.com/p/Bnn43PjFFkv/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар