Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинді өтірік айтты деп кінәлады

Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинді өтірік айтты деп кінәлады
ашық дереккөз
Аружан Саиннің Алима Көпейге көмек беруден бас тартқанның басты себебі - ата-анасының қорға ешқандай құжат тапсырмағанын айтты. Бұған мүлдем келіспеген қыздың әкесі Саинге жауап қатты
Аружан Саиннің айтуынша, оның басқаруындағы «Дом» қайырымдылық қоры олардың отбасына көмек беруден бас тартпаған. «Мен бұл балаға көмек беруден бас тартқан жоқпыз деп ресми түрде жария қыла аламын және қордың талаптары бойынша басқа бүлдіршігдерге берген көмектей беретін едік. Алайда қыздың ата-анасы құжаттар жібермеді де, өтініш те білдірмеді. Және Денсаулық сақтау министрлігіне квотаға да өтініш білдірмеген», – деп жазған Аружан. Алайда, Алиманың әкесі Саиннің айтқанымен мүлдем келіспейді. Оның сөзінше, мұндай өтіріктен кейін қайырымдылық қорларына деген сенімсіздік туындайды. Ал бұған жауап қайтарған Аружан Саин Көпей отбасыларына бәрібір барлық құжаттар мен шоттарды жариялап, халық алдында есеп берулерін сұрап отыр. Өз кезегінде ол  «Сізге барлық медициналық құжаттар, шоттар мен есепті жариялау қажет. Сіздерге қатысты туындаған сенімсіздік басқа отбасыларына кері әсерін тигізеді. Біз сіздерден қорымыздың барлық талаптарын орындауды өтіндік. Сонымен қатар, біздің координатор қыздың әжесіне Денсаулық сақтау министрлігіне квотаға өтініш білдіру керек екенін айтқан. Алайда ешқандай құжаттар жіберілмеген. Қыздың әжесімен олардың жағдайы туралы тамыз айында сөйлескенмін. Кейін ол кісіні таппаған соң жиналған қаражат бойынша есеп пен медициналық ақпаратқа сілтемені беруді өтіндім. Оларға жиналған қаражат бойынша есепке қатысты өтініштерге жауап беру үшін бар ақпаратты біздің қорға жіберсін дедім. Алайда ол да болмады», – деп жауап жазды. Бұған жауап берген Алтай: «Сіздің сөздеріңізді жоққа шығаратын дәлелді өз парақшама жүктедім. Сондықтан көпшілікті жаңылтпағаныңыз дұрыс болар. Барлық мемлекеттік ресми органдарда біздің құжаттар бар», - деп жазба қалдырған. Және Алтайдың өз парақшасында жүктеген дәлеліне қайырымдылық жолымен жиналатын қаражатқа әлеуметтік желіде есеп беру туралы ешқандай заңды талаптар жоқ екенін жазған. «Бүгінгі таңда өз еркімен қайырымдылық жолымен жиналған акшақа әлеуметтік желіде есеп беруді қадағалайтын ешқандай заң немесе құқықтың актілер жоқ. Біз қайырымдылық үкіметтік емес ұйым емеспіз. Демеушілермен екі жақтың құқықтары жазылатын келісім-шарт жасамаймыз. Біз тек басымызға қайғы түскен жандармыз, баламыз ауру болып қалды және біздің қазіргі мақсатымыз  – қызымызды емдеу. Бұл сөздерді нақты және белгілі азаматтар мен ұйымдарға жолдаймыз. Өтініш, айғақтар мен талаптарыңызды материалдық көмектеріңізді растайтын құжаттарыңызды мемлекеттік органдар арқылы ресми түрде тіркеңіздер. Алған ресми сауалға ғана есепті көрсетеміз», – дейді Алтай Көпей. Аружан Саинның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне өтініш білдірген сәтте ем қабылдап жатса, енгізілген ережелерге сай комиссия құжаттарды қарастыра алмайды. «Ем қабылдау арасында балалар үйге келген кезде ары қарай еміне квота рәсімделінеді. Тағы айтарым, бастапқы емін біздің қор төлеп, кейінгі жалғастырушы емін мемлекет өз мойнына алған кездер де болған», – дейді Аружан. Сонымен қатар, «Дом» қайырымдылық қорының директорының жазбасына сай, Көпей отбасының құжаттары комиссияда қаралмаған. «Мен мамыр айында Алиманың әжесіне квотаны қалай алу керек екенін түсіндіргенмін. Әрине, сіздер қорға өтініш білдірмеулеріңізге болады, бірақ бізді көмек көрсетпеді деп айтудың да қажеті жоқ», – деп жазады Аружан Саин. Тартыс соңында Алтай «сіздер қоғамға бізді ешқандай құжат өткізбеді деп көрсетіп отырсыздар! Менің сізге кеңесім, өзіңіздің шамаңыз жетпейтін іске араласпаңыз. Ары қарай жалғастырудың мәні жоқ деп ойлаймын. Сау болыңыз» деп сөзін аяқтаған. https://www.instagram.com/p/BnpBPE9nIKy/?utm_source=ig_web_copy_link Аружан Саин да өзінің пікірін өзгертпей, Көпей отбасына «жасыратын ештеңке жоқ болса, құжаттар мен есепті ашық түрде жариялап, жағдайларыңызды ретке келтіруге қадала кеңес беремін»  деді.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар