Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төреғалидің өзінен жасы үлкен өнердегі ғашығының кім екені анықталды

Төреғалидің өзінен жасы үлкен өнердегі ғашығының кім екені анықталды
ашық дереккөз
Әнші сол кісіге құлай ғашық болып, сезімін қабыл алмағандықтан талай әнін арнағаны жайлы өзі де бірнеше мәрте айтқан еді
Халық бірінші айтыста танылып кейіннен әншілікке бет бұрған Төреғалидың өнердегі әпкелерінің біріне  құлай ғашық болғанын жақсы біледі. Себебі, ақын әрі әнші жігіттің өзі бұл туралы талай мәрте үлкен сахналарда айтқан болатын. Әрі Төреғали сөзін жазып әрі өзі орындап жүрген жұмбақ жанға арналған бірнеше ән де бар. Бүгінде сол әндер халық арасында үлкен танымалдыққа ие болды деп айта аламыз. Осы орайда  KYN.KZ сайтының тілшісі 40 мың адамның алдына Төреғали мен Мәдина Сәдуақасованың орындауындағы "Болам мен де сендей жұлдыз" әнін ұсына отырып тыңдармандар арасына сауал тастаған еді. "Бұл ән кімге арналған? Төреғали өзінен жасы үлкен қай жұлдызға ғашық болды?" Көпшілік әннің орындалуы мен сөзінің өте тартымды екенін жарыса жазыпты. Әрі Ақын жігіттік жұмбақ ғашығы туралы барлығы да хабардар болып көрінді. Жүзге жуық адам өз еркімен жауап беруге тырысқан. Халықтың болжамы бойынша  Төреғалидың ғашығы Мәдина Сәдуақасова, Ерке Есмахан, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева болуы мүмкін. Осы үш өнер адамына әр адам өзінше дәйек келтіре сөйлеген.
Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң тыйым салынады!
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар