Басты жаңалықтар
Белгілі журналист ақылы тренинг өткізетін әйелдерді арамза молдалар деп атады
- автор kyn.kz
- 17 қыркүйек, 2018
- 263
Нәзия Жоямерген: Қыздар, құр сөзге ермей сол тренингке кететін ақшаны отбасыңызға жұмсаңыздар
Танымал журналист Нәзия Жоямерген желіде елге ақыл айтып, бақытты болудың жолын көрсетемін деп елді кеңесін ақылы тыңдатуға шақыратын алаяқтарды сынады.
"Әлеуметтік желілерде әйелдерге арналған тренингтер қаптап кетіпті. "Бақытты əйел", "Бақыттың кілті", "Давай, бақытты бол!", "Сен неге бақытты бола алмай жүрсің, а?!", "Күйеуің ақымақ болса да, ақылды дей білудің жолдары",
"Еріншек еркекті еңбекқор етеміз"... Тақырыптары дəл осындай - бір сарында. Ақылы, тегін емес. Қымбат, арзан емес. Бірақ соған әйелдер ағылып барады екен. Тренинг (егер солай деуге келсе) біткесін əлгі ақыл айтқан "кемеңгер" әйелдерге алғыс айтып, суретке түсіп, қолтаңба алып... əбігерге түседі екен кəдімгідей. Қазіргі əйел, отбасы, күйеу табу т.с.с. тақырыптарға тренинг өткізетіндерге қарасам, "аңқау елге - арамза молда" деген мақал түседі есіме. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Сары әулие, Ақ әулие, Қара әулие, "Бронзовый əулие" түрлі əулиелер қаптап еді ғой? Солар сияқты қазіргі "тренингөткізгіштер". Қыз-келіншек достар, босқа желпілдей бермейік. Әркім өз ошағына ие болады. Шаңырақтың шамшырағы - сіздер. Түтіннің түзу шығуы ешқандай тренингке қатысты емес. Бəрі Сіздерге байланысты: не қаласаңыздар, сол болады. Қымбат тренингтерге шығатын ақшаны бала-шаға, күйеу, отбасыға жұмсаңыз. "Арамза молдаларға" жем болмаңыз.",- деп жазды журналист Нәзия Жоямергенқызы.