Басты жаңалықтар
Парламент депутаттары зейнетақы қорындағы қаражатты ипотекаға жұмсауды ұсынды
- автор kyn.kz
- 18 қыркүйек, 2018
- 219
Сенаторлар «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша үй алуға қаражат жетпей жүрген қазақстандықтарға ақшаны БЖЗҚ рәсімдеуді ұсынды
Депутаттар бұл тәжірибені қолданатын шетелдегі елдерді мысалға келтіріп айтты. Алайда, қор төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева бұл бастамағаны қолдамады.
Қор төрағасыны елімізде зейнетақы қорындағы ақшаға ең алдымен, салымшылардың өздерінің қолдары жетпейтінін айтты. Бірақ, бүгін сенат отырысында депутаттар жағдайды өзгертуге тырысып бақты.
Нариман Төреғалиев жас отбасыларды қолдаудың мүмкіндігін қарастырды. Сенатор оларға өз қаражаттарын пайдалануға рұқсат беру арқылы көмек көрсетуге болатынын айтты. Бірақ оның айтуынша, мұндай жеңілдіктер тек мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуі керек.
«Бастапқы жарна құюға ақшалары жеткіліксіз жастардың «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына қатысуына қолдау көрсету үшін оларға зейнетақы қорының қаражатын бағыттап, неге көмектеспеске. Мен үш-төрт пәтерлері бар адамдар жайлы емес, басында баспанасы жоқтар туралы айтып отырмын»,- дейді сенат депутаты Нариман Төреғалиев.
Алайда, оның жақсы бастамасын БЖЗҚ басшысы қолдамады. Нұрбүбі Наурызбаев заң мұндай функцияны қарастырмайтынын айтты. Оның сөзінше, зейнетақы қорындағы ақша тіпті адал еңбектің арқасында жиналса да, қандай да бір мүлікті сатып алуға бағытталмаған.
Келесі мақала