Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

18 жасында миллионер атанған шымкенттік бойжеткен табысқа жетудің құпиясымен бөлісті

18 жасында миллионер атанған шымкенттік бойжеткен  табысқа жетудің құпиясымен бөлісті
ашық дереккөз
Шұғыла есімді бойжеткен алғашқы кәсібін 17 жасында кішігірім дәмханадан бастапты

Шым қаланың тұрғыны Шұғыла есімді бойжеткен бизнестің алғашқы баспалдағын 17 жасында басыпты. Ол осыдан бір жарым жыл бұрын бірінші дәмханасын, одан кейін ол бастамасы сәтті болғаннан кейін, көп ұзамай тағы екі дамхананы қосып, бүгінде аяғына нық тұрған кәсіп иесі болып отыр.

"Осыдан бір жарым жыл бұрын дәмханамның бірінші сауда нүктесін аштым. Алғашқы ұстаған миллионым сол кезде еді. Бірінші тапқан табыс қашан да ыстық қой, басында керемет әсерде болдым. Кейін барлық шығындарды қарап шыққанымда қуанышым су сепкендей басылды. Бірінші айдан бастап орасан табысқа ие бола кету бизнес саласында мүмкін еместігін түсінген соң аса қатты уайымға беріле қоймады", - дейді жас кәсіпкер.

Арудың жастайынан бизнеске араласыуына ата-анасы себеп болған екен.  Айтуынша, олар отбасымен жеке кәсіппен айналысатын болғандықтан, 14 жасынан бастап кассада тұрып, қоймада жүріп, ақшаның қалай келетінін түсініп өскен.

"Басты көмекшілерім де, кеңесшілерім де, инвесторларым да – ата-анам. Себебі олар да бизнес саласында 10-15 жылдай істеп келе жатқан жандар", - дейді ол.

Шұғыла кәсібін ілгерілету үшін көптеген бизнес тренерлерден сабақ алып отыратынын айтады. Дегенмен берген білімді іске асыру үшін де адамның жеке қасиеттері маңызды рөл атқарады деп санайды.

"Ең бастысы – шыдамдылық керек. Себебі қазір кәсіп ашып, бірден табысқа кенеле қаламын деу – қателік. Кез келген кәсіпке салынған ақша өзін-өзі жаймен өтейді. Екіншіден, қол астыңдағыларға деген сый-құрмет қажет. Олармен арада жылы қарым-қатынас пен түсіністік болуы қажет. Себебі оларсыз жұмыс алға баспайтынын әрбір кәсіпкер түсінуі керек", - дейді Шұғыла Дүйсен.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар