Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мысырда суды ысырап қылғандар қамауға алынуы мүмкін

Мысырда суды ысырап қылғандар қамауға алынуы мүмкін
ашық дереккөз
Жақын арада  Мысыр билігі суды үнемдемей шектен тыс қолданғандарды жауапкершілікке тартып, жазалайтын болады

Мысырда суды ысырап қылғандарды енді бас бостандығынан айыруы мүмкін. Тиісті заң жобасын жергілікті парламент өкілдері қарайтын болады. Нақтырақ айтқанда, тиісті түзетулер су ресурстары және ирригация туралы заңға енгізіледі.

Жергілікті билік мұндай қадамға елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі су ресурсын ұтымды пайдалану үшін барып отыр екен.

Соның ішінде, Ніл өзенінің жағалауын заңсыз құрылыстан қорғамақ. Аталмыш құжатта, сонымен қатар, жаңбыр суын сақтау да қарастырылған.

Суды үнемдемегендер, яғни, ысырап еткендер айыппұл арқалап қоймай, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ауызсу аптап ыстық пен құрғақшылық жайлаған өлкелерде ең өзекті мәселеге айналған.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар