Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өзін атып жіберді

Қарағандыда әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өзін атып жіберді
ашық дереккөз
Бауыр еті баласынан айырылған Тимур Нұрмановтың ата-анасы оның өз -өзіне суицид жасағанына сенбей отыр

Қарағандыда келісім шарт бойынша әскери  қызмет атқарып жүрген кіші сержант Тимур Нұрманов өзіне тура маңдайынан оқ атқан деген ақпарат тарады. 22 жастағы Шымкенттің тумасы суицидті казармада жасаған делінген болатын.

Алайда қайтыс болған жігіттің туыстары ұлдарының өз еркімен мұндай сұмдық қадамға барғанына сенбейді. Олар Тимурдың қызметтестері немесе басшылықтан қандай да бір қысым көрген болуы мүмкін екенін алға тартады.

Тимур Нұрманов Отан алдындағы борышын Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімшеде өтеген болып шықты. Ол әскерден соң сол жерде келісім-шарт бойынша қызмет етуге қалған.

Туыстарының сөзінше, жігіт әскери бөлімшеде үш жыл бойы басшыларынан тек қана мақтау естіген. Сондықтан оның өзін өзі өлтіруге себебі болмаған деп отыр олар

"Біреумен ерегескен болса, командирлері білу керек еді. Ал өзі мына жерінен мылтық қойып кім атады? Ауру емес, сау адам. Қысым көрсеткен бір адам. Әйтпесе өзін өлтірмес еді", - дейді марқұмның атасы Тайыр Нұрманов.

Қайғылы оқиға колония жанындағы казармада орын алыпты. Сағат түскі төрттер шамасында саптың соңында келе жатқан ол баспалдақта Калашников автоматымен өзінің маңдайынан атып жіберіпті.

Енді тергеушілер оқ-дәріні алуға бара жатқан сарбаздың қаруы неліктен оқтаулы болғанын анықтауы тиіс.

"Бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды. Болған оқиғаны әскери  прокуратураға, Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасына хабарладық. Біздің әскери бөлім ұжымы сарбаздың жақындарын қайғырып көңіл айтады", - дейді 6505 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов.

Марқұмның туыстары Тимурдың үйленуге дайындалып, тіпті сол мақсатта ақша жинап жүргенін айтты. Немересімен жуырда телефонмен сөйлескен әжесі де оның сөздерінен ешқандай күдік сезбедім дегенді айтты.

Тиісті сараптамалардан кейін үнемі көңілді жүретін тимурдың денесі мырыш табытпен Шымкентке жеткізілмек. Марқұмның жерлеу рәсімі сенбі күні өтеді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар