Басты жаңалықтар
Гүлзира Айдарбекова әйелдерге жол сілтейтін кітап жазбақшы
- автор kyn.kz
- 21 қыркүйек, 2018
- 561
Көптеген әйелдер отбасының берекесін кіргізіп, балаларына дұрыс жол сілтеп отыратын Гүлзира ханымнан сабақ алғысы келетінін жарыса айтып жүр.
Отандық продюсер, танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп отыратын эұлдыздардың бірі. Оның айтуынша, оқырмандары көп уақыттан бері кітап жазып беруін сұрапты.
Мәселен, оқырмандарының бірі былай деп жазыпты:
"Отбасында көп жағдай әйел адамға байланысты. Сіздің балаңыз тәрбиелі, отағасы сізге риза, келіндеріңіз сыпайы. Немерелеріңіз бақытты. Сізден тек үлгі алу керек. Енді жаңадан отбасын құрып келе жатқан біз сияқты жас келіншектерге өмірде қателік жібермеу үщін өзіңіздің бір ақыл кеңестеріңізді жеткізеін бір кітап жазсаңыз. Керемет болушы еді",- депті.
Осы пікірге қатысты Гүлзира Айдарбекова былай деп жауап берді:
"Осы кітап жазуым жайлы көптеген адамдар өтініш білдіруде. Қолымнан келгенше, келешекте жазуға тырысып көрейін",-деп жазды.
Оны көрген оқырмандар Гүлзира ханымнан жақын арада кітап күтіп отыр.
https://www.instagram.com/p/Bn6dCMZlWOS/?utm_source=ig_web_copy_link