Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынап тастады

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынап тастады
ашық дереккөз
ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алып, заң шығару процесіндегі кемшіліктерді атап көрсетті
Сенат төрағасы заң  жобалау жұмысының төмен деңгейде екенін айтып, оның заң шығару процессіндегі жүйесіздікке,  кодификацияланған актілердің ретсіз түзетілуіне әкеп соғатынын атап өтті. Сондықтан заң нормалары құқықтық ахуал жасаудың орнына, тез өзгеріп отыратын құбылмалы жағдайлардың салдары болып табылады.
"Парламент қабылдаған заңнамалық актілерге күшіне енген кезден бастап бір жыл ішінде басқа заңдар негізінде жүзге жуық өзгерту енгізілетін жағдайлар да кездеседі. Көп жағдайда біздің заңдарымыз экономика мен қоғам өміріндегі шұғыл проблемаларды шешуге бағытталады. Соның салдарынан бұл заңдардың мазмұнында ағымдағы жағдайға деген тұжырымдамалық көзқарас пен мемлекеттің дамуына оң ықпал ететін үрдістердің тапшы екені бірден байқалады. Бірқатар заңнан ішкі қарама-қайшылықпен қатар теңгерімділіктің жоқтығын көруге болады. Заң бір ұғымның өзін алуан түрлі мағынада түсіндіруі мүмкін. Бұл жағдай қоғамның парламент пен үкіметтің қызметіне деген сыни көзқарасын туғызары анық", — деді Тоқаев сенатта заң шығару процесін жетілдіру мәселелері туралы үкімет сағатында. Оның айтуынша, заң жобаларының жылдың соңғы айларында немесе сессия аяқталатын кезде ұсынылуы да заң шығару процесінің жеткілікті түрде ұйымдастырылмауы мен жоспарланбауының салдары.

"Мұндай тәжірибе заң жобаларымен жүргізілетін жұмыстың сапасына әсер етпей қоймайды", — дейді Тоқаев.

Заң шығару жүйесінің негізіне қатысты теңгерімді ұстанымның болмауы – ерекше талқылау мен қарастыруды қажет ететін бөлек тақырып.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар