Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үнемі мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүретін Айдын егіз ұлдардың анасы атанды (фото)

Үнемі мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүретін Айдын егіз ұлдардың анасы атанды (фото)
ашық дереккөз
Айдын: Бұдан былай отбасым жайлы жазбаймын. Көз тиеді деп қорқамын.
Қазақстан бойынша әлеуметтік желілерде Жаным Баклажаным есімімен танылған Айдын Тоқсанбаева бірден екі ұлдың анасы атанды,-деп хабарлайды KYN.kz. Айдын осыған дейін сексеннен асқан апасымен әлемнің көптеген ірі қалаларында қыдырып жүрген суреттері арқылы, елге танылған еді. Артынша ол қайырымдылық шаралары арқылы талай мұқтаж жанға қолдау көрсетіп, алғысын алып жүрген еді. Әлеуметтік желіде қарапайым халықты жақсылық жасап, бір адамның өмірін жақсартуға  атсалысуын сұрайтын. Түрлі шаралар ұйымдастырып, одан түскен қаржыға көмекке зәру жандарға ұсынады.  width= Бүгінде Айдын екі егіз ұлдың анасы. Тұңғышын дүниеге әкелгенін көпшілік білгенімен, Айдынның екі ұл тапқанын көпшілік білебермейтін. "Қайырлы таң қазақ елі. Бұрын жеке өмірім жайлы көп айтатынмын, көз-сөз тиеді дегенге сенбейтінмін... Бірақ қазір отбасым жайлы мүлдем айтпаймын деп шештім, "ешкімнің ала жібін аттамадым, маған кім жамандық тілесін?" деп сенімді болып жүргенім бекер болған екен.. Кем дегенде балаларым 1-ге толмай, олар жайлы ештене айтпайтын болдым. Сондықтан мен үшін алаңдап, уайымдап жүрген жандар еш уайымдаманыздар, барлығы жақсы. А, ия менің карапузиктарым ана сүтін ембейді, біз туылғаннан "нан" іше бастадық. Оған өзіндік себептер бар, сондықтан "неге емізбейсін? анау-мынау" әңгімелер керек емес . Күндерініз мәнді де мағыналы болғай.",-деп жазды Айдын бүгін жеке парақшасында. Көпшілік бұл жаңалықты естігеннен кейін белсенді әрі ақкөңіл бойжеткеннің отбасына жақсы тілектерін жаудыра түсті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар