Басты жаңалықтар
Сүйіктім бар: Танымал отандық әнші Әли Оқаповтың жүрегін жаулаған ару кім?
- автор kyn.kz
- 22 қыркүйек, 2018
- 999
Талай қыз атақты Роза Рымбаеваға келін болуға үміттеніп жүргенде Әли сүйіктісі жайлы айтып, арулардың жүрегін ауыртып қойды.
Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың жасы бүгінде 27-ге келді. Әші үйленетін жасқа келгенін айтса да, нақты қашан шаңырақ көтеретінін құпия күйінде қалдыруды жөн көрді.
“Бәрі менен қашан үйленетінімді сұрайды. Үйдегілер де күтіп жүр. Сүйіктім бар. Бірақ оның қай жақтан екенін, кім екенін қазір айта алмаймын. Уақыты келгенде айтамын. Дәл қазір өсек болып кетуі мүмкін. Тіпті келесіде осы бағдарламаға бірге келуіміз де мүмкін. Уақыты келгенде бәрі белгілі болады”, – деді әнші.
Әли осылайша ғашығының кім екенін айтатын уақыт жеткен жоқ деп санайды.
Жүргізуші ғашығының өнер әлеміне қатысы бар-жоғын сұрады. Әли Оқапов ол өнер әлемінен де болуы мүмкін деген пікір айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




