Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әкесі Астанада министрлікте жұмыс істейтін қызына күйеу іздеп жатыр

Әкесі Астанада министрлікте жұмыс істейтін қызына күйеу іздеп жатыр
ашық дереккөз
Зейнеткер тіпті жергілікті газеттерге жарнама беріп, үш ай бойы үміткерлерді мұқият іріктеуде.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жазды. Қалыңдық 40 жастан асқан және бұрын тұрмыста болған. Қазір бірінші сыныпта оқитын қызын өзі тәрбиелеуде. Бір емес екі жоғары білімі бар қалыңдық Астанадағы министрліктердің бірінде жұмыс істейді. Қолында сенімді серіктен басқаның бәрі әйелге тек жақсы жар ғана кезікпей жүр. Әкесі іздеп жүрген азамат ішімдік ішу, шылым шегу секілді жаман әдеттерден аулақ болуы керек. Сондай-ақ, қарт әке күйеу бала жігерлі, жан-жақты және жұмысы бар еңбекқор жан болса деген талаптар қойды. Үміткерлер хабарласқанымен, бірақ арты-артынан жоқ болып кететін көрінеді. Қарт әкенің сөзінше, олар қызығушылық танытқанымен, танысуға келуден ұялады. Бірақ, зейнеткер қызының наразылығына қарамастан мінсіз күйеу жігітті әлі де іздестіруін жалғастыруда.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар