Басты жаңалықтар
Әріптесі Маржан Сұлтанбайдың қайда екенін, не істеп жүргенін айтып қойды
- автор kyn.kz
- 24 қыркүйек, 2018
- 618
Журналист: Маржан кезінде шашын алып, ашық-шашық киініп жүр еді. Қазір ана атанған әдемі келіншек.
Танымал отандық блогер Өркен Кенжебек өзінің әріптесі Маржан Сұлтанбайдың кезінде атышулы Айжан Байзакова сияқты болғанын айтты. Кейін әріптесінің бір мезетте 180 градусқа өзгере шыққанда таңғалғанын жасырмады. Оның себебін ол былай деп түсіндірді.
"Айжан Байзақова істегені ұят шығар, қарсы шыққандар жөн шығар деп үн қосайын десем, ауызыма аяқтарын тосып тұрғандай мына ағайын. Былай ғой, Байзақова жайлы білерім – қазір бетімен кеткенмен, басында ұяты түгел, әжептеуір ибалы қыз еді дейді. Анасы намаз оқиды, өзі де намаз оқыған екен, бірақ тұрмыста бір ауыр соққы алып, беті ары ауып кеткен дегенді де естідім. Жын иектеген дейді, анасымен қатты ұрысып, осы жүрісін қасақана істейді дейді, кім білсін. Қоғамға қарсылығы да шығар, бәлкім.
Байзақоваға батырып ештеңе дей алмайтыным, өзіміздің Маржан Сұлтанбай есіме түседі осындайда. Ол да шашын тақырлап алып, ашық-шашық киімге әуестеніп, «әй, осы түзелмейді-ау» деп қол сілтегенде, күрт өзгерген бір күні. Орамал тақты. Тұрмысқа шықты. Баланы да, бақытын да тапты. Сондықтан, Байзақова бір күні бұлт етіп құбыла қалса, таң қалмаймын да, тас лақтырмаймын да",- деп жазды блогер.