Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жорабаеваның қыздары әкелеріне ренжігендері соншалық, кездескілері келмейді

Жорабаеваның қыздары әкелеріне ренжігендері соншалық, кездескілері келмейді
ашық дереккөз
Әншінің өзі болса қыздарының Сәбитпен жақын араласқанына еш қарсы емес
Әнші расымен де соңғы кездері әдемілене түсіп, желіде кәдімгідей жарқырап жүргені көпшілікке бірден байқалған. Халық Алтынайды тіпті бай қолдаушы тапты деп те әңгімелеп жүр. Одан қалса кезінде қатты күйзеліске түскен әншіні қыздары мен әкесінің ортасына түсіп, араластырмай отыр деп кіналайтындар да көп. “Желілерде жаңағыдай естіп жатамын. Мен көрсетпей жатыр екен. Қыздармен араластырмай жатыр екен деген нәрселерді. Мен о баста да айтқанмын. Маған десең күнде көріп, араласып, хабарын алып тұр деп. Ары қарай қыздардың өздері қаламай тұр да мысалға.Анашым, біздің одан сайын қинамаңызшы деп айтты. Үлкен қыздарым кездескіміз келмейді деді. Болды. Енді мен не деп айтамын басқа?! Олардың барлығын күштеп араластыра алмаймын ғой, дұрыс па?. Ертең менің бетіме басады ғой олар, дұрыс па? Сіз айтқансыз кезінде. Кездеспе дегенсіз, жамандағансыз, бір нәрсе деген сияқты мысалға. Есейген кезде, ақыл естері кірген олар бәрібір менің бетіме басады. Ал маған оның керегі не?”, – дейді Алтынай.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар