Басты жаңалықтар
Танымал отандық әнші марқұм жұбайына ұқсайтын әйелді бейнебаянына түсіріп, көпті елжіретті (видео)
- автор kyn.kz
- 26 қыркүйек, 2018
- 689
Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы мен анасына арнап клип түсірді, тыңдармандарын жаңа туындысымен қуантты
Медеу Арынбаев дары өмірден өткен соң екінші рет отау құруды ешқашан ойлаған емес. Өйткені әнші ұл-қызының жүрегіне жара салғысы келмейді. Сондықтан жалғыздықтың Құдайға ғана жарасатынын түсінсе де, асығыс шешім қабылдаудан аулақ. Әрі марқұм жұбайын әлі де сағынатын көрінеді. Сол себепті болса керек, Арынбаевтың әр туындысы өмірден өткен жарына арналады.
Күні кеше Медеу әріптестерінің басын қосып, қос бірдей бейнебаянының тұсаукесерін өткізген. Олардың бірін анасына, ал екіншісін жұбайына арнапты.
Бір қызығы, әнші “Ғашықтар биі” бейнеклипіндегі кейіпкерге марқұм жұбайына ұқсас келіншекті таңдаған. Ол кейіпкер – музыкант досының қалыңдығы екен.
“Қарасам келінім дәл келіп тұр осы клиптің бет бейнесіне. Жарасып тұрған екен. Бір қарасам өзімнің де бұрынғы сүйікті жұбайым Айгүлдің де образы келетін сияқты. Сондықтан болды табылды деп, мен қуана-қуана ұсыныс жасадым. Суретке қарасам, қасымызда жүрген келінім екен. Табылды дедім”, – дейді Арынбаев.
Тұсаукесерге Медеудің ұл-қызы да арнайы келген.
“Осы екі клипке бір айдай дайындалды… Кейбір кезде маған келіп сұрайды. Қалай, ұнай ма деп айтады. Әкемді күніге естимін. Өзінің комнатасында өлең айтып солай”, – дейді Медеудің ұлы Дәулет Арынбаев.
“Ақылдасып отырады және де бәрін бізге айтады. Біз әрине де әкемізге қолдау көрсетеміз”, – дейді Даяна Арынбаева.
Медеудің шығармашылыққа деген қарқыны бәсеңсімек емес. Таяу күндері Мейрамбек Бесбаевпен бірігіп жаңа бейнебаян таспаламақ.
https://youtu.be/7idkg9CpUP8