Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жағдайы өте ауыр: Алматылық жүргізуші екі қызды қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Жағдайы өте ауыр: Алматылық жүргізуші екі қызды қағып, оқиға орнынан қашып кетті
ашық дереккөз
Алматыда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі  қыздарды қағып, артынша оқиға орнынан із суытқан.
Төтенше жағдай  АЛматы қаласының Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, екі қыз жол үсті өткелінен бірнеше метр жерде жолды кесіп өтпек болған. Осы кезде, болжам бойынша, BMW көлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші тоқтай алмай, аяқ астынан алдынан шыққан қыздарды қағып кеткен. Көліктің қатты соққаны сонша, зардап шеккен қыздар ұшып түскен. Ал олардың заттары бірнеше метр жерде шашылып қалыпты. Ал қыздарды қаққан көлік жүргізушісі тоқтамастан оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы жапа шеккендерді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің сөзінше, олардың жағдайы өте ауыр. Сондықтан ешқандай болжам бере алмай отыр. Дәрігерлер бақылаған кезде қыздардың бірі ес-түссіз күйде болыпты. Қазіргі уақытта отиға орнында шұғыл тергеу тобы мен криминалист-сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Іздестіру бөлімінің қызметкерлері қыздарды қаққан автокөлік жүргізушісін табу үшін, Райымбек даңғылының бойындағы бақылау камераларындағы жазбаны тексеруде.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар