Басты жаңалықтар
Астана әкімі 10-шы қабаттан құлаған баланы ажалдан аман алып қалған жігітке алғыс айтты
- автор kyn.kz
- 26 қыркүйек, 2018
- 280
Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов 10-қабаттан құлаған баланы қағып алған Артем Каревті марапаттады
"Адамды күнде құтқара бермейсің. Мен әлі не болғанын түсіне алмай тұрмын", - деді бүгінгі күннің батырына айналған Артем.
Ал Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов болса, Артемнің қолын алып, оған алғысын айтты.
"Құрметті Артем Семенович, бұл мақтауға тұрарлық іс. Сіз халыққа үлгі болатындай әрекет еттіңіз. Мен өз атымнан және барлық әкімдік пен астаналықтардың аппаратының атынан сізге алғыс айтқым келеді. Бұл баға жетпес ерлік. Астана тұрғындарының жақсы істерін біз назардан тыс қалдырмауымыз керек. Сондықтан қордың атынан сізді марапаттаймыз деп шештік. Әрине құтқарылған бала өмірімен салыстырғанда бұл ешнәрсеге тұрмайды. Мүмкін сізді сол терезеге бір сәттілік жетелеген шығар. Сіздің өміріңізде де сәттілік көп болып, ісіңіз алға өрлей берсін. Тағы да үлкен рақмет", - деді әкім. Осыдан кейін салтанатты түрде марапат қағазы мен 500 мың теңгеге сертификатты тапсырды.Астана әкімінен бұрын Артемді өздері тұратын Сарыарқа ауданының әкімдігі шақыртып, оған теледидар тарту еткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Артем Карев 10-шы қабаттан құлаған алты жасар баланы қағып алып, оны ажалдан құтқарған.