Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өлімді күтіп отыр ма?: Алматы облысында 3 оқушы жұқпалы менингитпен ауруханаға түсті

Өлімді күтіп отыр ма?: Алматы облысында 3 оқушы жұқпалы менингитпен ауруханаға түсті
ашық дереккөз
Дәрігерлер дүрбелеңге салудың еш қажеттілігі жоқ десе де, ата-аналар мектепті тез арада карантинге жабуды талап етіп отыр
Алматы облысында соңғы 10 күннен бері 3 оқушы менингит диагнозымен ауруханаға түскен. Осы жағдайға орай Қаскелең қаласында менингит шыққан Абай мектебі оқушыларының ата-аналары білім ордасын карантинге жабуды сұрап отыр. Себебі, бұл инфекция өзге балалар арасында тарауы мүмкін. Ал жұқпалы аурулар ауруханасындағы дәрігерлер дәл бұлай дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ екенін айтады. Өткен аптада құсуы жиілеп, басы ауырған 6-сынып оқушысына мамандар іріңді менингит деген диагноз қойды. Мұны естіген ата-аналар дүрбелеңге салынып, мектепті карантинге жабуды сұрап отыр. Тіпті, балаларын оқуға жіберуден қорқады. "Менің ойымша, карантин жариялау керек. Әлде өлімді күтіп отыр ма?" — дейді Қаскелең тұрғыны Әсем Рахымова. Қаскелеңдегі ауруханада Абай мектебінің оқушысынан бөлек, тағы екі жеткіншек жатыр. Үшеуіне де іріңді менингит диагнозы қойылған. Алайда дәрігерлер олардың өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтады. Жалпы жыл басынан бері бұл ауруханада 63 адам менингиттен айығып шыққан. "Іріңді менингит дегеніміз — ми қабаттарының қабынуы. Суық тиіп иммунитеттің төмендегенінен пайда болады. Негізі менингиттің жұқпалы түрі. Бірақ біздің ауруханада осы іріңді менингиттен ешкім қайтыс болған жоқ", — дейді Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы балалар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Барақбаева. Жұқпалы аурулар ауруханасындағы оқушылардың денсаулығы қазір бірқалыпты. Дәрігерлер осы аптаның аяғына дейін емдерін толық алып, құлан таза айығып, үйлеріне қайтады деп сендіріп отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар