Басты жаңалықтар
Бәрі шындықты айтып, жылады: Мәскеуде қайтыс болған отандасымыз Томирис Байсафаның ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр
- автор kyn.kz
- 27 қыркүйек, 2018
- 351
Мәскеуде оқу орнының ғимаратының терезесінен құлап кетіп мерт болған қазақстандық Томирис Байсафаның анасының айтуынша, достарының бәрі бірауыздан Томиристің суицид жасауы мүмкін емес деген пікірде
«Қазіргі уақытта бәрімізден жауап алынуда. Достары бір-бірімен келіспестен, бәрі бірдей Томирис туралы шындықты жазып, жылады. «Шеге ме – жоқ, іше ме – мүлде ұнатпаған, лидер ме – иә, кумирі – анасы, суицид туралы ойлады ма – ешқашан». Бәрі осылай жазды. Томпи – менің махаббатым. Әркез жүрегіме пышақ сұққандай болады. Онсыз қалай өмір сүретінімізді білмеймін. Барлығын алғыс білдіремін және жақсы көремін. Томпимен достықтарың және махаббаттарың үшін рақмет! Сен не істедің, нақұрыс…» – деп жазды Жанна Ахметова.
Сондай -ақ қайғыдан қан жұтқан марқұмның анасы қызын еске алып, оның көзі тірісінде қандай адам болғанын айтты.
«Мен оның достарын білемін. Онымен нағыз доспыз. Мен оның достарымен де доспын. Сондықтан олар қазір де үйге келіп, хабарласып, хат жазып, менімен шай ішіп, кеңесіп, Томпидің атынан сыйлық жасайды. …Оны бәрі жақсы көретін. Құрбылары ол туралы: «Оны білмейсің немесе жақсы көресің», – дейтін. …Мен нақты білемін, оны бәрі жақсы көреді. Бәрі. Ол сондай адам. Онымен дос болғаныма мақтанамын», – дейді марқұмның анасы.
Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.
https://www.instagram.com/p/BoMdZA6AFkY/?utm_source=ig_web_copy_link