Құл сияқты болдым: Енесі мен күйеуінен қорлық көрген астаналық келіншек басынан өткен сұмдық жайттарды жайып салды
- автор kyn.kz
- 27 қыркүйек, 2018
- 331
Астанаға арман қуып келген шымкенттік Нарғыз астаналық жігітке өз еркімен тұрмысқа шығыпты. Ер азамат бойжеткенді қатты жақсы көретінін айтып, алып қашыпты. Алайда, оның бұрын шаңырақ көтеріп, одан бір бала тапқанын білгенімде, еш уақытта келісімімді бермейтін едім,- дейді бойжеткен.
"Енем үнемі араласа береді. Тіпті біз ойнап жатсақ та, бізге "ажырасыңдар", "кет" деп айтады. Үйдің тірлігіне де араласып жүреді. Баласы екеуі менің айлығымызды алып отырады.
Күйеуім әйелі бола тұра, өзге қыздармен кездеседі. Күйеуіммен ұрысып жатсам, енем "Сендер үй бола алмайсыңдар. Ажырасыңдар" деп сөйлейді.
Осы кезде күйеуім енеме сөйлеме деп мені ұра бастады. Соңғы рет екеуі екі жақтап жабылды. Адам құрлы көрмейді. Құл сияқты жұмсайды", - деп сырын ақтарды Нарғыз.
Нарғыз соңғы рет осы соққыға шыдамай, үйін тастап, кетіп қалыпты.