Ақтөбеде бес жасар қыз бала анасынан менингит жұқтырып алды
- автор kyn.kz
- 28 қыркүйек, 2018
- 214
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бес жасар балақай 20 қыркүйек күні ауырып, тез арада емханаға жатқызылды.
"Бүгін 12:00-де лабороториялық зерттеудің нәтижелері анықталды. Олар "менингококты инфекцияның" бар екенін анықтаған", -деді ол.
Кейін белгілі болғандай, қызға менингитті анасы жұқтырған. Алайда келіншекте бұрындары ешқашан клиникалық ауру анықталмапты. Балабақша мен қыздың анасы жұмыс істейтін орында басқа ешқандай науқас тіркелмеген.
Онымен қоса, Қазақстанның бас дәрігері менингит белгілері байқалған сәтте өзін-өзі емдеумен айналысу қажеттігін айтты.
"Аурудың белгілері тұмаумен ұқсас келеді. Сол себепті, дәрігерлер клиникалық белгілерге нақты дұрыс диагноз қоя алмай қалады. Бұл ретте диагнозды да, емдеуді де тек дәрігерлер айтуы керек", - деді Бекшин.