Басты жаңалықтар
Астанада журналист Ирина Бекетованы өлтірген күдікті қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 29 қыркүйек, 2018
- 610
Астанада журналист Ирина Бекетованы өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлады
Журналистті өлтірді деген күдікпен А.Гусейнов қамауға алынды. Азамат Ақмола облысының Аршалы ауданы Ижевское ауылында, Есіл өзенінің жағасында иесіз қалған ғимараттан табылды. Күдіктіні ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің жедел уәкілдері қолға түсірді.
Айта кетейік, журналист Ирина Бекетованың денесі үйінің алдынан табылған еді. Күдікті ұстау кезінде еш қарсылық танытқан жоқ. Қазірде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, журналистті 24 қыркүйек күні үйінің жанында белгісіз біреу өлтіріп кеткен болатын. Марқұмның артында 4 баласы қалды. Кейіннен журналистің қызғаныштың кесірінен көз жұмғаны анықталған еді.
Келесі мақала
Отандасымыз Түркия әуежайында өз-өзіне қол салды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




