Басты жаңалықтар
Cұлтанқызы тұрмысқа шығар алдында өзінен 12 жас үлкен, бай күйеуінің қойған талабын айтты
- автор kyn.kz
- 30 қыркүйек, 2018
- 913
Ләйлә: Ақ көйлектен бас тартуға тура келді, ол маған ешқашан бірінші орында болмайтынымды ескертті
Танымал тележүргізуші бұған дейін өзін тоқал дейтіндерге талай шүйліккен. Журналист жас кезінде тұрмысқа шығып ажырасып кеткен болатын. Екінші некесі өзінен бір мүшел жасқа үлкен саясаткермен құрылды.
Алғаш рет Сұлтанқызы "Nazar" бағдарламасында өзінің қазіргі некесі мен осы отбасын құру кезіндегі ортақ келісім жайлы ашып айтты.
“Мен Қайраттың екінші әйелімін. Оны көбі біледі. Күйеуімнен 12 жас кішімін. Бес баласы бар. Екеуміз үйленер алдында маған талабын айтты.
Ешуақытта да менің бірінші орында болмайтынымды ескертті. Бірінші кезекте балалары, содан кейін ғана менің жағдайым. Осыған келіссең, бәрі жақсы болады деді. Оны қабылдадым. Және ол шарт бұзылмайды.
Бірінші екеуміздің емес, оның бірінші некедегі балаларының жағдайы жасалады. Бірақ күйеуімнің мені қатты жақсы көретінін, оның іс-әрекетінен-ақ білемін. Мені әлі күнге дейін кішкентай деп қабылдайды. Кейде әке, аға секілді болып кетеді”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.