Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда бұрыңғы күйеуі үш баланың анасын өлтіру үшін 50 теңгеге адам жалдаған

Ақтауда бұрыңғы күйеуі үш баланың анасын өлтіру үшін 50 теңгеге адам жалдаған
ашық дереккөз
Айгүл: Мені аңдып, ұрып құлатқан балалар үйінің тәрбиеленушісі барлық жоспарларын айтып берді
Ақтаулық келіншек басынан өткен жағдайды айтып көпшілікті қайран қалдырды. Үш баланың анасы жұмыссыз, қызғаншақ әрі мазасыз күйеуімен ажырасуға мәжбүр болғанын айтады. Себебі, соңғы жылдары күнде күйеуінің таяғын жеп, балалары психологиялық қысымда жүрген. "Алғашында ата-енемізбен тұрдық. Бастапқы үш жылда ешқандай таяқтау оқиғасы болған емес. Себебі, кішкене ұрыс басталса енем араласып, тоқтататын. Бөлек шыққаннан кейін күйеуім мені қызғана бастады. Өзім банкте істедім, ол қоңырау шалған сәтте көтере алмай қалсам, сол үшін кешке жанжал болатын. Туыстарым Ақтау халқының тәрбиесі бойынша маған тек "шыда, осыны адам қыл" дегеннен басқа ештеңе айтқан емес. Ол балаларымды әбден қорқытып қойған, қаласа мені аяусыз сабайтын. Оған үйдің дұрыс жиналмауы, тамақтың дәмді болмай қалуы да себеп бола салады. Содан ойлана келе бір күні "Мені ұрып, мүгедек қылып қойса ешкімге керегім болмай қалады. Балаларды кім асырайды. Өлтіріп қойса қайтемін" деген ойға келдім. Ол адаммен сегіз жыл отастым. Өзгермейтініне көзім жеткеннен кейін үшінші балаға аяғым ауыр болса да ажырасу туралы шешім қабылдадым",-дейді Айгүл Ілиясова. Осыдан кейін үш баланың әкесі бұрыңғы әйелін үнемі қорқытумен болған. Тіпті адам жалдап, ұрғызған да. "Маған тыныштық бермейтін. Мен үш баланы жеткізуге кірісіп, көп жұмыс істеймін. Содан маған күнде хат жазып "Сені өлтіремін. Ұрып соғып, мүгедек қыламын. Сосын амалсыз маған күнің қарап, қайтып келесің" дейтінді шығарды. Бір күні үйіме келе жатып, ізіме адам түскенін байқадым. Көпқабатты үйдің баспалдағында біреу есімімді атады, бұрылғаным сол еді бетіме ұрып құлатты. Есімді жиып, полицияға хабарластым. Күдікті ретінде күйеуімді көрсетті. Үш күннен кейін полиция күдікті ретінде балалар үйінің түлегін тауып келді. Ол жоспарларын сол жерде айтып салды. Сонда менің құным елу мың теңге болыпты. Қызы, сол бойы бұрыңғы  күйеуім жаза арқалаған жоқ. Енді айтарым ол мені өлтірмейінше оған тоқтау болмайды ма? Маған бірдеңе болса балалар не өкіметке, не туыстарға, не әкесіне керек болмай қалады. Маған кім көмектесе алады?",- деп жылап жіберді үш баланың анасы. Бұл туралы кәсіпкер келіншек Еуразия арнасындағы "Пендеміз ғой" бағдарламасында айтып берді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар