Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оразымбетова бөтен еркекпен құшақтасқанына байланысты күйеуінің пікірін айтты

Оразымбетова бөтен еркекпен құшақтасқанына байланысты  күйеуінің пікірін айтты
ашық дереккөз
Жақында алғаш рет романтикалық бейнебаян түсірген әнші Гүлнұр Оразымбетова оған қатысты күеуінің не ойлайтынын жеткізді
“Сүйген адамым бейнебаянға түспесе де, сезімді бере алдық деп ойлаймын. Ол қызғаныш, артық сөйлеу, ренжу деген дұрыс емес. Өнер адамына үйленген адам, жолдасы не келіншегі, ол сүйіп қосылған адамының мамандығын біліп тұрып үйленді ғой. Өз басыма келетін болсақ, жолдасым мені түсінеді, маған сенеді. Қызықты әрі қиын сәті деуге болады, режиссердің шешімімен, вальс билеу керек болды. Нағыз кульминациясы сол жерінде. Мен вальс билей алмаймын. Бірақ енді мықты актер Азиз (авт. Бишеналиев) мені алып шықты. Осы биді соңына дейін алып шығуыма маған үлкен көмегі тиді. Жолдасыма вальс билейтінімді ескертіп айттым. Ол “ой, сен билей алмай, бүлдірген шығарсың” деді. Азиздің мені алып шыққанын айттым”, – деп түсіндірді Оразымбетова. Сондай-ақ әнші күйеуінің қызғанбауының тағы бір себептің барын айтты. “Жолдасым Азизді актер ретінде жақсы бағалайды. Тағы бір атап өтетіні, Азиз менің жолдасымның жас кезіне ұқсайды, түрі келеді. Кейін жолдасым мұртын алып тастады ғой, бұрын болатын. Тек сыртқы ұқсастық”, – дейді Гүлнұр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар