Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұят жағдай: Олимпиада чемпионы тау жақты қоқысқа толтырған алматылықтарды сынға алды (фото, видео)

Ұят жағдай: Олимпиада чемпионы тау жақты қоқысқа толтырған алматылықтарды сынға алды (фото, видео)
ашық дереккөз
Александр Винокуров Үлкен Алматы көлінінің айналасын қоқысқа лық толы қылғаны үшін қала тұрғындарын аяусыз сынап тастады. Италиядан келген досына оңтүстік астананың кереметін көрсеткісі келген ол қонақ алдында ұятқа қалдым деп отыр 
Алматының керемет көріністерін арнайы Италиядан келген Виттория Брумотти есімді спортшыға аралатып көрсетпек болған қазақстандық велошабандоз ұятқа қалған. Оның жоспарын толассыз шашылып жатқан қоқыс құртқан. "Біз ең әдемі деген жердің біріне барып, табиғаттың ерекше көрінісін тамашалағанның орнына, мына қоқыстарға қарауымызға тура келді. Өте ұят жағдай достар. https://www.instagram.com/p/BoOkJTllY9v/?utm_source=ig_web_copy_link Адамдар қалаған жеріне қоқыс тастап, айналасын ластауда. Сол үшін табиғатқа аса ерекше назармен қарайық. Өз қалаңызды жақсы көріңіз. Оның тазалығы үшін барын салғыңыз келсе, өзіңізден бастаңыз" , - деп жазған қазақстандық велошабандоз. https://www.instagram.com/p/BoY40xtlZrx/?utm_source=ig_web_copy_link Винокуровтың өз парақшасына жүктеген бейнежазбасында ол басқалардың қоқыстарын жинауға кірісетіні көрініс тапты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар