Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қыз мектепте анасының өзін ұрғанын айтқан: Германияда қазақстандықтан қызын тартып алды

Қыз мектепте анасының өзін ұрғанын айтқан: Германияда қазақстандықтан қызын тартып алды
ашық дереккөз
Бүгінде оқушы қыз балалар үйінде тұрып жатыр.

Германия қалаларының бірінде мектеп оқушысы өз анасының үстінен шағымданған соң балалар үйіне тап болды. Қызына қол көтерген ана енді сот алдында жауап береді.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, ана мен бала да Қазақстан азаматтары болып шыққан.

Тексеріс баланың мектептегі әңгімелерінің негізінде орын алыпты. Қыз бала сабаққа барайын деп дайындалып жатқанда оны анасы ұрып жібергенін айтқан.

"Германияның заңы сондай. Ата-ана өз баласын жазалай алмайды" , - дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бүгінгі күні оқушы қыз балалар үйінде тұрып жатыр. Ал анасы мен оның қорғаушысы сотқа қажетті құжаттарды даярлап әлек болуда. Оларға Қазақстан елшісі де өз көмегін бермекші.

"Біз отбасының, анасы мен баласының қосылуы үшін барымызды саламыз. Қолдан келгенше, бәрін істеуге тырысамыз" , - деді Смадияров.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар