Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді есірткі бойынша тексеру: ереже бекітілді
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді есірткі мен психотроп заттарға тексеру тәртібі бекітілді. Мемлекеттік қызметшілердің бойынан есірткі қолдануы мүмкін екенін көрсететін үш немесе одан да көп белгі байқалса, оларды медициналық тексеруге жіберуі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
